Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
6 қазанда Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесіне қатысты референдум өтті.
«Ел Дауысы» қоғамдық қорының жетекшісі Аида Джексенованың айтуынша референдум барынша ашық әрі әділ өткен. Қоғамдық қор ауқымды тәулесіз бақылау жүргізді. Бұл науқанға ел аумағында 970 бақылаушы, 37 үйлестіруші қатысты.
«Жылдан жылға командамыздағы бақылаушылар тәжірибе жинақтап, білікті бола түсуде. Мен біздің командамыз бұл процестің ашық әрі заңды жүргізілуіне үлес қоса алғанын мақтан тұтамын», - дейді Аида Джексенова.
Референдумда Ақтөбе, Орал, Қарағанды, Петропавл, Астана, Павлодар, Өскемен және Семей қаласындағы бақылаушылар жоғары белсенділік танытты. Осы қалаларда бақылаушылардың көп саны жұмылдырылды. Сол арқылы қор сайлау учаскелерінде болып жатқанның бәрін мұқият қарап, белгілеп, ықтимал бұзушылықтарды барынша азайтуға мүмкіндік алды.
«Командамыз қатысқан барлық учаскедегі жұмыс бойынша қорытынды хаттамалар жасалды. Осылайша, бақылаушыларымыз алған хаттамаларға қарап, дауыс беру барысы қалай өткені жайында картина қалыптасты. Бірден айтып өтейін, дауыс беру барысы жалпы қорытындыға сәйкес болды», - деді қор жетекшісі.
Бақылаушылар тіркеген бұзушылықтар:
Бақылаушылар дауыс беру барысында бірқатар бұзушылықты анықтап тіркеп алды. Оларды келешкте ескеру қажет. Атап айтқанда: