Сауалнамаға еліміздің әр өңірінен, түрлі әлеуметтік-демографиялық топтағы екі мыңнан астам адам қатысты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Зерттеу нәтижесіне сәйкес, қатысушылардың 74,6 пайызы 6 қазанда өтетін референдум туралы хабардар екенін айтқан. Ал 57,8 пайызы референдумға қатысуға дайын екенін мәлімдеген.
Пікірін білдіргендердің 60 пайызға жуығы Қазақстанда АЭС салуды қолдайтынын айтқан. Институт өкілдерінің сөзінше, қазақстандықтардың атом стансасын салу туралы ойы әлі қалыптасып жатқан көрінеді.
Халықтың басым бөлігі алдағы дауыс беруден хабардар екенін және референдумға белсенді қатысуға ниетті. Мұның басты себебі ретінде АЭС салу мәселесіне қазақстандықтар қызығушылық танытатынын келтіріпті.
"Негізі мұндай сауалнамаларды жиі өткізіп тұрған дұрыс. Бұл халықтың көңіл-күйін бақылауға мүмкіндік береді. Оның үстіне, істеліп жатқан жұмыстың қаншалықты нәтиже бергенін түсінуге де жол ашады", - деді қаржы сарапшысы Айбар Олжаев.
Шетелдерде кез келген дауыс беру алдында осындай әлеуметтік сауалнамалар жүргізіледі. Мұнымен айналысатын бірнеше ұйым болады. Олардың нәтижесінде кішкене айырмашылық шықпаса, негізінен нақты картинаны көрсетіп береді.
Қоғамдық саяси институт әлеуметтік сауалнама талаптарының бәрін орындап, сауалнамасын дұрыс методикамен жүргізсе, шамамен осындай картина күтіп тұр.