Референдумда 4 миллионнан астам қазақстандық дауыс берді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Оның мәліметінше, қазіргі уақытқа дейін 4 миллионнан астам азамат дауыс беріп, қатысу көрсеткіші 37,5%-ды құрады.

Ақпарат Астана уақытымен сағат 12:00-дегі жағдай бойынша берілді.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес, өңірлер бойынша қатысу көрсеткіші төмендегідей:

Айта кетейік, 15 наурызда Қазақстанда Конституциялық реформаға қатысты республикалық референдум басталды.

Бұған дейін Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы бюллетеньдердің алдын ала таратылды деген қауесеттерге қатысты түсініктеме берген болатын.