Референдумға бөлінген 16,4 миллиард теңге қалай жұмсалады?

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Референдум өткізуге қаражат Үкімет резервінен бөлінеді. Мұстафинаның сөзінше, комиссия шотына ақша әлі түспеген.

"Бұл соманың 21 пайызы (3 миллиард 456,6 миллион теңге) дауыс беру учаскелерін материалдық-техникалық көмек көрсетуге, референдумның орталық, учаскелік және аумақтық комиссияларының жұмысын жүргізуге, баспа өнімдерін дайындауға, сондай-ақ, ақпараттық қолдау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге кетеді", - деді Мұстафина.

Оның айтуынша, шығынның басым бөлігі баспа өнімдерін, соның ішінде бюллетеньдерді, сонымен қатар, нашар көретін және зағип жандарға арналған трафареттерге кетеді.


"79 пайыз (13 миллиард 3 миллион 400 мың теңге) комиссия мүшелерінің еңбекақысын төлеуге жұмсалады. Еңбекақы ел бойынша орташа айлық жалақы көрсеткішіне сай", - деп түсіндірді Сәбила Мұстафина.