Рэпер 50 мың доллар төленетін ерекше жұмыс орнын ұсынды

Buzzfeed хабарлағандай, рэпер бұл лауазымға өз шеберлігін танытқан, өз еңбегінің нәтижесін #ICanRoll  хештэгымен инстаграмға салатын, өзіне ұнаған кез келген адамды жұмысқа алмақ. 

Waka Flocka Flame-ның көптеген фанаттары рэпердің ұсынысына жауап бере бастады, сондай-ақ Buzzfeed  рэпер жұмыстың жеңілдіктері мен артықшылықтары туралы айтпағанын атап өтті.

 «Кәсіби ораушылар медициналық жәрдемақы ала ма? Әлде марихуанаға шектеусіз қолжетімділікке ие бола ма?» -  осы сұрақ журналистерді қызықтыруда.

Waka Flocka Flame БАҚ-тың назарын  марихуанаға деген құмарлығымен алғаш рет тартып отырған жоқ. 2011 жылы ол марихуана сақтағаны үшін тұтқындалған, алайда бостандыққа шығу үшін 31 950 доллар кепіл төлеуге мәжбүр болған.