Рейганға оқ атқан адам психиатриялық ауруханадан шығады


Кіші Хинклиге Рейганның туыстарына жақындауға тыйым салынады, сонымен бірге президент пен конгресс мүшелері жүретін аймақтарға баруға рұқсат етілмейді.

1981 жылы 30 наурызда кіші Хинкли Вашингтонда кәсіподақ федерациясы делегаттарының алдында сөйлеп тұрған Рейганға оқ атқан. Рейган және тағы үш адам ауыр жарақат алған. Қылмыскер актриса Джоди Фостерге әсер қалдыру үшін, оқ атқанын айтқан. Сот Хинклидің ақыл-есі дұрыс емес деп, психиатриялық клиникаға жатқызды. Ол онда 35 жыл өмірін өткізді.