Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengritravel.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.
Жолаушылардың қандай құқықтары бар?
Азаматтық авиация комитеті мәліметінше, "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" заңның 86-бабына сәйкес, рейстің кешігуіне әуекомпания кінәлі болған жағдайда немесе әуе кемесінің кеш келуіне байланысты тасымалдаушы міндетті:
Ақшалай өтемақы алуға бола ма?
Заңға сәйкес, жолаушылар әуежайда қызмет көрсетуден бөлек, ақшалай өтемақы алуға да құқылы.
"Жолаушыны межелі пунктке кеш жеткізгені үшін тасымалдаушы әр кешіккен сағат үшін тариф (кешігу болған ұшу учаскесінің тарифі) құнының үш пайызын айыппұл ретінде төлеуге міндетті, егер кешігу тасымалдаушыға тәуелсіз форс-мажорлық жағдайлардан туындағанын дәлелдемесе. Сонымен қатар, жолаушының кешігуге байланысты шеккен шығындары болған жағдайда, олар да өтелуге жатады. Айыппұлдың жалпы сомасы сатып алынған тарифтің (ұшу учаскесінің тарифінің) құнынан аспауы тиіс" – деп түсіндірді ААК.
Өтемақыны қалай алуға болады?
Егер рейсіңіз кешігіп, тиісті өтемақы немесе қызметтерді алғыңыз келсе:
"Осы бапта көзделген талаптарды бұзған тасымалдаушылар Қазақстан заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады" – деді ведомство өкілдері.