Ректорлар өздері ғылымнан қашады - Б. Жұмағұлов

«Ректорлар өздері ғылымнан қашады, яғни ғылыммен айналысқысы келмейді. Нәтижесінде олар ғылыми-зерттеу институттарынан алшақтайды. Бұл құпия емес», - деп атап өтті Б. Жұмағұлов.

Өз кезегінде министрдің орынбасары Мұрат Орынханов шынымен де ЖОО ректорлары ғылыми кадрларды даярлауда нақты айқындалған саясатты жүргізбей отырғандығын жеткізді. Оның пайымдауынша, бұл саясаттың ішінде ғылыми кадрларды даярлаудағы барлық аспектілер қамтылуы тиіс.

Ғылыми кеңестерде кейбір кемшіліктер бар.

«Ғалымдардың көбісі елдің Президентіне дейін барып, министр қаржы бөлмейді немесе қажетті көлемде бермейді деп айтып жатады. Бірақ бұл кісілер «ғылым туралы» заңын да оқымаған. Нақты жобаны қаржыландыруға министрліктің еш қатысы жоқ. Біз бұл бағыттағы жұмыстарды ғылыми кеңестердің қарауына бергенбіз. Дәл осы кеңес қаржыландыру көлемі мен жұмыс сапасын айқындайды. Осы орайда ғылыми кеңестердің шешімі заңға сәйкес міндетті болып саналады», - деп нақтылап өтті министр.

Сөз соңында Б. Жұмағұлов ғылыми кеңестердің кейбір кемшіліктері бар екендігін және бұл бағыттағы жұмыстарды пысықтау керектігін қадап айтты.