«Ресей ақша бөлген». Қазақстанның бір қаласында ғана «Жеңіс парады» өтеді

Байқоңырда 9 мамырда «Жеңіс парады» өтеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы  Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Қала әкімшілігі 9 мамыр күні Ленин алаңында «Жеңіс парады» өтетінін, мерекелік концерт пен митинг ұйымдастырылатынын хабарлаған. 

Бұған дейін Қорғаныс министрлігі бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында және басқа да міндеттерді шешу қажеттігіне байланысты елімізде әскери шеру өтпейтінін мәлімдеген. Қазақстанда 9 мамырға арналған мерекелік шерулерді өткізу пандемиядан кейін тоқтап қалған болатын. 

Айта кетсек, Байқоңыр 2050 жылға дейін Ресей Федерациясына жалға берілген қала. Ол тарап Қазақстанға жылына 115 млн АҚШ долларын төлейді.