Ресей мұсылмандарына көп әйел алуға рұқсат берді

Ресейлік мұсылмандарға төрт әйел алуға тек белгілі шарттарды орындаға жағдайда рұқсат етіледі, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.

Ongar_online Telegram арнасының жазуынша, ең бастысы ер адам әйелдеріне тең қарауы керек.

"Егер ерлі-зайыптының денсаулығына байланысты немесе жұбайы бала көтере алмаса, рұқсат етіледі", - деді Мәскеу мүфтиі Ильдар Аляутдинов.

Ер адам қамқорлығына алған әйелінің балаларын да асырауға міндетті. Оған қоса тағы да шаңырақ көтеретінін қазіргі әйеліне ескерту керек.

Сондай-ақ мұсылман азамат әйелдерінің әрқайсысын баспанамен қамтуға тиіс. Егер оған шамасы келмесе, тағы да неке қиюына тыйым салынады.