Су тасқынын болдырмау үшін Қазақстан өзінің су қоймалар жүйесіне суды «келісілген түрде жіберуге міндетті еді» деп мәлімдеді. Қазақстандағы ағынды суларды реттеу арқылы осындай мәселелердің алдын алуға болады дейді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Ал Қазақстанның Су ресурстары және ирригация министрлігі керісінше Ресейден келген су Қазақстанға әсер етіп жатыр деп кінәлады.
«Тобыл өзенінің бойындағы су Ресейден келеді. Тиісінше, суды ағызу туралы шешім ресейлік жағынан келетін ағындар негізінде қабылданады. Сондықтан Ресейдегі су тасқынына Қазақстан ықпал етеді деу дұрыс емес. Бұл шындыққа жанаспайды».
Батыс Қазақстан облысының әкімі де өңірдегі жағдай Ресейден ағып жатқан судан болғанын мәлімдеді. Айтуынша, Ресейдің көршілес Саратов және Орынбор облыстарындағы су қоймаларынан көп мөлшерде су жіберіліп жатыр. Бұл 30 жыл бұрын болған жағдайдан да күрделі. Атап айтқанда, Саратов облысындағы Приузен су қоймасынан Қараөзенге секундына 431 текшеметр су түсіп жатыр.
Қазіргі уақытта су тасқынының екінші кезеңі басталды. Кеше Ресейдің Орск қаласында дамбы бұзылып, елді мекендер мен тұрғын үйлер зардап шекті. Бұл Батыс Қазақстан облысына да қауіп төндіруі мүмкін. Өйткені Орынбордың Ирикла су қоймасынан секундына 2 170 текше метр су жіберіліп жатыр. Бұл сулар жақын уақытта Жайық өзені арқылы өтіп, Каспийге бет алады.
Бүгін Жайықтағы су деңгейі 7 метрге жуық көтерілді. Бұл қауіпті мөлшерге жақындай түсті. Осылайша, өзен суы арнасынан тасып, Оралдағы 1-ші, 2-ші, 3-ші саяжайларға су кіріп жатыр. Сондықтан қала тұрғындарының түсіністік таныту сұралады. Сондай-ақ, Ресейдің Елек ауданының тұсында өзен суларының қауіпті деңгейі 890 см болса, қазіргі уақытта 855 сантиметрге жетті. Біріншіші, екінші, үшінші саяжай тұрғындары қала әкімдігі бекіткен эвакуациялық пункттерге немесе өздері қалаған қауіпсіз жерлерге көшуі тиіс.
Соған байланысты Ресейден келетін өзен суына қарсы 10 мың әскери қызметкер жұмылдырылды.
Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Аймақта 7 мыңға жуық адам эвакуацияланғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта өңірде су тасқынының екінші кезеңі басталған. Көршілес Ресейдің Орск қаласында дамбы бұзылып, елді мекендер мен тұрғын үйлерді су басқан. Бұл Батыс Қазақстан облысына да қауіп төндіруі мүмкін екен. Ал Орынбор облысының Орск қаласында екінші дамбының жарылғанын Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлаған.
Сақмар өзенінің деңгейі көтеріле бастады. Болжам бойынша, Жайық және Сақмар өзендерінің жоғары жағынан сәуір айының екінші онкүндігінде Батыс Қазақстан облысының аумағына су келеді. Қазіргі уақытта Орал қаласындағы Жайық өзеніндегі су деңгейі – 728 см, ол 850 см қауіпті межеге жақындайды деп болжанып отыр.
Батыс Қазақстан облысында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін күштік құрылымдар 6 мың адамға, Атырау облысында 4 мың адамға дейін жеткізіледі. Еліміздің әр өңірінен 4 мыңға жуық техника жіберілді.
«Орал мен Атырау бойынша күштер мен құралдарды барынша жұмылдыру қажет. Қазір үлкен суды елді мекендерге жеткізбей, бұрып әкету маңызды. Бүгін қосымша әскери қызметшілер мен техника жіберіле бастады. Су ағысының қарқынын ескере отырып, бірінші кезекте Оралды, одан әрі Атырауды күшейтеміз», – деді Олжас Бектенов.
Осы тұста қазгидромет Қазақстанға Ресейден үш-бес күн ішінде су келетінін ескертті. Ендігі басты қауіп – Орынборға жайылған Жайық өзені. Көрші елдегі су төмен қарай ағып, Батыс Қазақстанға қарай жылжиды.
Сонымен қатар, Ресейден келетін су Қазақстанның басқа да аймақтарын басып кетуі мүмкін. Қостанай облысына қауіп төніп тұр.
Гидротехника саласының маманы, техника ғылымдарының докторы Марат Қошымбаев Хабар арнасына берген сұхбатында Ресеймен арадағы су мәселесін қайта қарау керектігін айтты. Ор бөгетінен аққан судан елімізге ағып келетін Жайық өзені ернеуінен асуы ықтимал. Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарымен шектесетін Ресейдің Орынбор облысында қазір федералды деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды.
"Суды өздерінің қоймаларына қайтарды әрине, алайда қазір су көп келгеннен кейін, платиналарын жауып қойды. Судың ағынынан қорқып, су қоймаларын ашып, бізге жіберіп жатыр. Бұл шешілуге маңызды сұрақ. Екі ел бірлесіп ортақ шешімге келуі керек, келісім құжаты болуы шарт", - деді ғалым.
Елдегі су тасқыны ахуалына байланысты халық қолынан келгенін жасап жатыр. Қостанай облысында қарғын судан сақтану үшін ірі-қара малды құрбандыққа шалынды. Рәсімге бас мүфти қатысты.
"Уа, Алла Тағалам! Халқымызды табиғи апаттардан, зілзаладан, топан судан, өрттен, кеселден, түрлі індеттерден аман сақтай гөр! Жер бетін бүлік пен апаттан аман еткейсің. Уа, Алла Тағалам! Тасқын судан зардап шеккен жерлестерімізге Өзің жар болғайсың. Олардың басына келген сынақтың соңын қайырлы еткейсің. Жерімізді тасқын судан сақтай гөр", - деді ол.
Бүгінде сегіз облыста жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі жалғасуда. Су басқан аймақтардан барлығы 97 мың тұрғын эвакуацияланды. 11 сәуірдегі жағдай бойынша, Павлодар және Абай облыстарында су тасқыны жағдайының тұрақтануына байланысты ТЖ режимдері алынып тасталды.