Мемлекетаралық авиация комитетінің мамандарымен бірге Бразилияның авиациядағы оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығында (SENIPA) алынған ұшақтың қара жәшіктеріндегі мәліметтер зерттеліп жатыр, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы. Бұл туралы комитет мәлімдеді.
Әзербайжан мен Қазақстандағы құзыретті органдармен байланыс орнатылды. Ресейдің тергеу комитетінің ақпаратынша, Грозный, Махачкала мен Минеральные Воды қалаларындағы диспетчерлердің ұшақ командирімен әңгімесі талданып жатыр. Бұған қоса, кешенді сараптама тағайындалған. "Ұшақ жүйелерінің жағдайы, заттай айғақтар зерттеліп жатыр" деп мәлімдеді комитет.
Айта кетейік, AZAL ұшағының “қара жәшіктері” Қазақстанға Бразилиядан жеткізіліп, әуе апаты туралы қорытынды шығару үшін комиссияға тапсырылды. Бұл туралы РИА Новости Қазақстанның Бас прокуратурасының мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлады.
Халықаралық құқыққа сәйкес, оқиға болған мемлекет ретінде Қазақстан Ақтаудағы әуе апатының себептері туралы қорытынды есеп дайындайды.
Әзербайжан астанасы Бакуден Шешенстан орталығы Грозныйға ұшып шыққан Embraer 190AR ұшағы 25 желтоқсанда Қазақстанның батысындағы Ақтау қаласы маңында жазыққа құлаған.
Ұшақ бортында 67 адам болған. 29 жолаушы аман қалып, 38-і қаза тапты. Қаза болғандардың алтауы – Қазақстан азаматы.