"Ресейге тәжірбие алмасуға кеткен қазақтарды атып кетті": Ресейлік БАҚ Қазақстан туралы не жазуда?

Caravan.kz медиа порталы Ресейлік БАҚ-қа шолу жасап көрді.

Қазақстан мен Қырғызстан кириллицадан бас тартуға дайындалып жатыр - Сибирь. Реалии

Орталық Азиядағы бұрынғы КСРО елдері Латын әліпбиі негізінде бірыңғай әліпбиге көшуге келісті, деп хабарлады Түркі әлемінің жалпы әліпбиі жөніндегі комиссияның мүшесі, Баку мемлекеттік университетінің жалпы тіл білімі кафедрасының меңгерушісі Низами Джафаров.

Оның айтуынша, 34 әріптен тұратын жалпы әліпби жобасы түркі мемлекеттері ұйымы құрған комиссия отырысында келісілген. Бұл ұйымға Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан кіреді, ал оның жұмысына бақылаушылар ретінде Түркіменстан мен Мажарстан қатысады.

Жалпы әліпбиге көшкеннен кейін елдер үлкен өзгерістерге ұшырамайды, өйткені бұл түркі мемлекеттерінің көпшілігінде қабылданған жазу формасына сәйкес келеді, деп сендірді Джафаров. "Мұнда үлкен проблемалар жоқ. Ең үлкен проблема - қазақтар мен қырғыздардың латын әліпбиіне көшуі", - деді ол.

Қазақстандық футболшы ресейлік жаттықтырушыны айыптады. Қазақтар туралы жақсы емес пікір білдірді - Sport24.ru

Қазақстан құрамасының бұрынғы футболшысы Роман Мұртазаев қазіргі уақытта "Елімай" Қазақстан премьер-лигасының дебютанты, ресейлік жаттықтырушы Александр Бородюкке айып тақты.

"Ресейге тәжірбие алмасуға кеткен қазақтарды атып кетті" - Ku66.ru

Екатеринбургте қайталама материалдарды қайта өңдеу саласында тәжірибе алмасу үшін келген Қазақстанның екі азаматын түнгі клубта атып кетті. Қазақстандықтың бірі жарақат алды. Оқ оның қолына, екі жамбасына және асқазанына тиген. Ол ауруханаға жеткізілді.

"Оқиға 13 қыркүйекте түн ортасында "Естествознание" стриптиз-барының жанында болды. Ресми бағдарлама бойынша келген екі қазақ үш жергілікті тұрғынмен жанжалдасып қалған. Атыстың салдарынан ауруханаға жеткізілді" деп жазды ресейлік басылым.