«Бугристое-автодорожный» бақылау-өткізу пунктінде 78 тонна ірімшік тиелген 4 көлікті тоқтатты.
Тексеру барысында ветеринарлық-санитарлық қатынаста жүктің қауіпсіздігін растайтын Кеден одағының №4 ветеринарлық сертификатының мөрі жоқ болып шықты, деп хабарлайды Россельхознадзор сайтында.
Россельхознадзор қызметкерлері өнімді Ресей Федерациясының аумағына өткізбеді. Көлік Қазақстан Республикасына кері қайтарылды. Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес заң бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.