"Биылғы жылдың басында біздің өңіріміз электр қуатын алып отыратын РАО "ЕЭС России" өнімінің бағасын 32,5 пайызға қымбаттатты. Және қазіргі таңда Ресей тағы да баға өсіруді көздеп отыр", - деді М. Серікбаев. "Кеңестік кезеңнен бері Қазақстанның біртұтас энергетикалық жүйесіне енгізілмеген Ақтөбе облысының халқы жақын болашақта бізде өзіміздің қосалқы станциямыз болады дегенге аса қуанышты", - деп хабарлады ол.