Ресей арнайы қызметі Skyp байланысына тыйым салуды ұсынады

«...Федералдық байланыс және техникалық мәселелер жөніндегі үкімет комиссиясында ФСБ-ның ақпараттарды қорғау және арнайы байланыс орталығының бастығы Александр Андреечкин шетелдік Gmail мен Hotmail және Skype сынды интернет-сервистерді пайдалану ұлттық қауіпсізідкке қауіп төндіреді деп мәлімдеді», - делінген мақалада.

Ресей арнайы қызмет өкілінің айтуынша, құқық қорғау органдары ондай сервистердің шрифтелген хабарларына бақылау орната алмайды». Ал оларды Ресей территориясындағы белсенді экстремистер қолдануда.

Газет сондай-ақ басылым РФ премьер-министрінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың «ФСБ өкілдері жеке көзқарасын білдіріп отырған жоқ» деген сөзін келтіреді.

«Әрине, бұл ведомствоның ұстанымы және ол мұқият негізделген», - деп айтқан Д. Песковтың сөзін келтіреді басылым.