Ресей азаматы қарағандылық әйелдің ар-ұятына нұқсан келтірді

57 жастағы Татьяна өз атынан ашылған парақшаны көргенде жағасын ұстапты. Өйткені ол жерде жеке суреттерімен қатар, ақылы жыныстық қызмет көрсетеді деген хабарландыру ілінген. Ең сорақысы, беті тұмшаланған жалаңаш қыздардың суреттерін қарағандылық кәсіпкер әйелге теңеген. Айтуынша, бұл бұрыннан хат алысып жүрген 25 жастағы  Ресей  азаматының  ісі екен. Зардап шегуші интернетте ойына келгенін жазған жас жігітті жазалауды сұрап, тәртіп сақшыларына шағымданды. Бірақ мұндай оқиғаға алғаш рет тап болған жергілікті полиция шарасыздық танытып отыр. Себебі: ғаламтор қолданушысын жазалау Қазақстанда бұрын-соңды болып көрмеген. Дегенмен кәсіби мамандар ақылға сиыңқырамайтын іске барған шетел азаматын компьютерінің “айпи” мекен-жайын табу арқылы анықтауға болатынын айтады.


Татьяна Каменская, Қарағанды қаласының тұрғыны
:

-Танысу сайтындағы көргенсіздіктен кейінәлі күнге дейін өз-өзіме келе алмай жүрмін. Тек арым ғана тапталып қойған жоқ, кәсіпкер ретінде іскерлік беделіме де нұқсан келді. Сайтты көрген адамдар мені жеңіл жүрісті әйел деп ойлап жүр.