Бұл туралы ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің комитет төрағасының міндетін атқарушы Баубек Оралмағамбетов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости.
Мұның алдында басылымының мәлімет көзі "Зенит" зымыран кешені 1 маусымға дейін өткізілуі керектігін айтқан. Дегенмен бұл істің құжаттық жағы әлі де 3-6 айдай уақытқа созылуы мүмкін. Кешенді Ресейдің жалға алуынан Қазақстанның пайдалануына өткізу туралы шешім 2016 жылы қабылданған болатын. Ал өткізу жұмыстары 2018 жылдың 1 наурызында басталды. Жалпы Ресей жалға алған № 45 алаңындағы мәре кешені екі іске қосу құрылғысымен (іс жүзіндегі және біреуі істен шыққан), № 42 алаңдағы техникалық кешен монтажды-сынақтан өткізу корпусымен бірге және өлшеу пункті Қазақстанға қайтарылуы тиіс.
Қазіргі таңда Қазақстан тарабы 42, 43 және 45-алаңдағы 212 нысанды қабылдап алды. Осылайша, Жалпы алғанда Қазақстан "Зенит-М" зымыран кешеніндегі 243 жер бетіндегі ғарыш инфрақұрылым нысанын қабылдады.
Қазіргі таңда Ресей Байқоңыр қаласы мен ғарыш айлағын жалға алып отыр. Жалға алынған жердің жалпы көлемі 6 717 шаршы шақырым.
Оқи отырыңыз:
Денсаулық сақтау министрлігі Тоқаевтың менингитке қатысты сынына жауап берді