Caravan.kz медиа порталы ресейлік БАҚ-тарына шолу жасады.
Хабиб Нұрмағамбетов Қазақстандағы жаңа бағдарламаның жүргізушісі атанбақ
Ресейлік жекпе-жек спортшысы Хабиб Нұрмағамбетов қазақстандық бағдарламаның жүргізушісі атанбақ.
Бұл туралы “Спорт день за днем” порталы хабарлайды.
Ресейлік спортшы The nomads бағдарламасының екінші маусымын жүргізбек. Бағдарламаға әр елден келген спортшылар және олимпиадалық спортшылар қатысады.
Бұған дейін бағдарламаны 2004 жылы бокстан олимпиада чемпионы атанған Бақтияр Артаев жүргізген еді. Түсірілім 2019 жылдың мамыр айында Ақмола облысы, Сандықтау ауданында өтеді. Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, бағдарламаны 118 ел тамашалай алатын болады.
Естеріңізге сала кетейік, Нұрмағамбетов Қазақстанның Қарағанды қаласына келіп, балалар үйінің арнайы қонағы болған еді.
Қазақстанда байларға жағдай жасалып, ал кедейлердің санын одан сайын көбейтіп жатыр
Қазақстанда тұрақты жұмысы жоқтар үшін салық салынбақ. Бірақ бұл салықтың байларға қатысы жоқ. Көрші елдің бұл тәжірбиесі қызық әрі түсініксіз.
Бұл туралы Росбалт порталы жазды.
Қазақстан билігі халықтың әл-ауқаты мен денсаулығына қатты алаңдайтыны соншалық, жұмысы жоқ халық үшін тіпті салық ойлап тауыпты. Республикадағы мемлекеттік жүктеменің бұл түрі «кедейлік салығы» деп аталды. Алайда билік бұл сөзбен келісе алмайды. Президент Н.Назарбаевтың айтуынша, бірыңғай жинақталған төлемді (КАП) төлеу өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарға зейнетақылық және медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуға мүмкіндік береді. Жаңа заң өз күшіне енді.
ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлағандай, «бейресми жұмыспен қамтылғандар», яғни тұрақты жұмыс таппағандар, уақытша немесе тұрақты емес табыстармен үзілген адамдар, ағымдағы жылы 1 АЕК төлейді, бұл 2525 теңге (433 рубль) құрайды. Елордада, республикалық және облыстық маңызы бар қалалар тұрғындары үшін 0,5 АЕК көлемінде салық енгізілді.
Қазақстан: Орыстарды ұмытып, елдің атауын өзгерту керек
ҚР мәжіліс депутаты Азат Перуашев есімді азамат Қазақстан атауын Қазақ елі деп өзгертуді сұрапты.
Қазақтардың ұлтшылдықтарын түсінбей ақ қойдық, - деп жазады Царь Град порталы.
19 ғасырдың басынан бастап ресейліктердің арқасында қазақтарда қазақ поэзиясы, қазақ ұлттық опера өнері, қазақ драма театры пайда болды ғой. Бірақ қазақтар олардың салт-дәстүрін орыстар бұзды деп қабылдайды. Кириллицадан латын қарпіне ауысуы да соның бір дәлелі.
Бірақ орыстар болмағанда, ресейліктер болмағанда қазақтардың өнері дамымас еді.
Қазақстан атауын Қазақ елі дегенге ауысуы тіпті қате шешім.