Ресей, Беларусь және Қазақстан елдері Біртұтас Экономикалық кеңістік құру жөніндегі кезек күттірмейтін құжаттар топтамасына 2005-жылдың желтоқсанына дейін қол қояды

"Біз биылғы жылдың 1-желтоқсанына дейін Ресей, Беларусь және Қазақстан деген үш жақты форматта 29 құжатқа, ал 2006-жылдың 15-наурызына дейін тағы да осы форматта тағы 15 құжатқа қол қоямыз деп уағдаластық",- деді В.Путин.

Ресей президентінің айтуынша, бұл экономика саласындағы қарым-қатынастарды жақсартуға және біртұтас кедендік ережелерді жасауға мүмкіндік береді.
В.Путин Біртұтас Экономикалық кеңістік құруға бағытталған бүгінгі кездесудің барысынан журналистерді хабардар етті. "Біз жұмыстың тағы бір кезеңін аяқтап, мәлімдемеге қол қойдық",- деді РФ президенті. "Мәлімдемеге Украина да бірікті. Бұл ел "төрттік" аясында жұмыс істеуге әзірлік танытты. Құжаттарды бекіту жұмысына құжаттарды пысықтап дайындағаннан кейін бірігеді",- деді Ресей мемлекет басшысы.
"Ресейлік өкілдер емен-жарқын жағдайда өткен бүгінгі кездесудің нәтижесіне қанағаттанады",- деді В.Путин.
Өздеріңізге мәлім, 2004-жылдың 15-қыркүйегінде Астанада өткен саммитте Біртұтас Экономикалық кеңістікке мүше елдердің президенттері кезек күттірмей келісіліп, қол қойылуға тиіс 29 келісімнен құралған құжаттар топтамасын бекіткен. Кезек күттірмейді делінген бұл 29 келісімге бір уақытта қол қойылып, күшіне енуі тиіс.
Жоғары дәрежелі топ 2004-жылдың 15-желтоқсанында Минск қаласында 14 құжаттан тұратын екінші топтаманы әзірлеген. 29 кезек күттірмейтін құжаттармен бірге бұл топтамаға қол қойылса, кедендік одақ құруға құқықтық негіз қалыптасады.