Ресей эмигранттардан елге оралуды талап етті

Бұл туралы Объясняем.рф сайты хабарлады, деп жазды Caravan.kz медиа порталы.

Ресей эмигранттарға әскери есептен шығу үшін елге оралуды талап етті.

Хабарламада Ресейден біржолата көшіп кеткен эмигранттарға әскери комиссариатқа келіп, әскери есептен шығу талап етілген.

«Ресейден шетелге көшіп кеткен азаматтар өз еркімен әскери комиссариатқа келіп, жазбаша түрде тұрғылықты жерлерін көрсетіп, әскери есептен щығу керек. Егер олай болмаған жағдайда азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылады», – делінген материалда.