"Ресейде электр қуатының реформасының жүргізілуі проблема болып отыр. Осы реформаға байланысты, өкінішке орай, Екібастұз ГРЭС-2 үшінші энергоблогын қосымша қаржыландыру бойынша екінші акционердің жауабы кешіктірілуде", - деді Қ. Бозымбаев.
Бұл ретте ол жақын арада келіссөздер арқылы бұл мәселені шешетінімізге үміт білдірді.