«Түркиядағы Ресей елшісі Андрей Карловтың өлімін тергеу жұмыстарында мемлекеттік хатшысы АҚШ-тың көмегін ұсынды», - деп көрсетілген Мемдепартаменттің сайтында, деп жазады Лента.ру.
Сондай-ақ Керри мен Чавушоглудың Сириядағы жағдайды талқылағаны да атап өтілген.
Бұған дейін Керри Анкарадағы Карловтың қазасын тергеу бойынша АҚШ-тың көмегін Ресейге де ұсынған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, 19 желтоқсанда жас жігіт Анкарада Ресей елшісіне қарулы шабуыл жасады. Оған «Ресей түріктер көзімен» атты фотокөрменің ашылу салтанатында мінберден сөз сөйлеп тұрған кезінде оқ атылды.