"Осы салада Ресей Федерациясының ШЫҰ-мен ынтымақтасатын орталық құзіретті органы ретінде Федералдық есірткі айналымын бақылау қызметі, Сыртқы және Ішкі істер, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, Білім және ғылым, Әділет министрліктері, Федералдық қауіпсіздік қызметі, Федералдық кеден қызметі және Бас прокуратура танылды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Келісім аясында ынтымақтастықты үйлестіруге жауапты өкілетті орган болып Федералдық есірткі айналымын бақылау қызметі бекітілді. Ол есірткінің заңсыз айналымымен күрес жөніндегі келісім аясында жиналыстарға, конференцияларға, семинарларға және өзге де шараларға қатысатын делегация құрамын жасақтайды. Сондай-ақ, Сыртқы істер министрлігі және басқа да құзіретті органдармен келісе отырып Ресей делегациясына нұсқауларды бекітеді.