Ресей Федерациясындағы Қазақстан елшісі Мәскеу облысының губернаторымен келіссөздер жүргізді

Кездесуде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстандық жауынгерлердің ерлігіне арналған ескерткіштерді жаңалау жұмыстарын қаржыландыру туралы шешімінен хабардар болған Б.Громов өз тарапынан үлкен ризашылық білдірді. Атап айтсақ, алдағы жөндеу жұмыстары барысында Нелидово ауылындағы панфиловшы-батырларға арналған мұражайды жаңалау, жауынгерлер ескерткіші мен ескерткіш кешен аумағын жайластыру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, кездесу барысында 2004-жылдың маусым айында Алматы облысында Мәскеу облысының күндерін өткізуге дайындық жұмыстарының барысы талқыланды.
Б.Громовтың айтуынша, Қазақстан мен Мәскеу облысы арасындағы достық байланыстардың тамыры тереңде жатыр. Қарым-қатынас етене жақын әрі өзара тиімді экономикалық байланыстармен нығайтылған. Бұған дәлел ретінде облыс аумағында Қазақстан-Ресей бірлескен 16 кәсіпорынның тіркелгендігін атауға болады.