"Біз Ресейдегі ахуал шын мәнісінде өткен аптада болған оқиғалармен шектелмей, дағдарысқа ұласқан жағдайда еліміздің банк секторы қандай зардап шегер еді дегенді гипотез тұрғысынан есептеп көруге талпыныс жасадық",- деді Б.Жәмішев.
Б.Жәмішевтың хабарлауынша, қазіргі жағдаймен "Қазақстанның банк секторының контр-агенттері арасында РФ Сбербанкі, Мәскеу халықаралық банкі, Славинвест банк, Сибакадембанк пен Альфа банк бар". "Осы тізімнен көрініп тұрғанындай, Ресейдің банк секторындағы ахуалға байланысты бір ғана Альфа банктің аты аталды",- деді ол. "Ал Альфа банкке қатысты өткен аптада кері өзгерістер байқалған жоқ. Ал онымен еншілес қазақстандық Альфа банктегі ахуал қалыпты жағдайда өрбіді".
Б.Жәмішевтың атап көрсетуінше, "Қазақстандағы банк рыногы бірқалыпты жұмыс істеді". Заңды және жеке тұлғалардың салымдары туралы сөз қозғаған ол "мерзімді салымдар 11,8 процентке өсті" деп хабарлады. Кейбір банктерде ғана талап етілетін салымдар мөлшерінің азаю ағымы байқалды. Жалпы банк жүйесіне келсек, заңды және жеке тұлғалардың талап етілетін салымдары өткен аптада 0,9 процентке өскен. Осындай сандар көрсетіп отырғанындай, еліміздегі банк секторында ауыз толтырып айтарлықтай ауытқушылық байқалған жоқ",- деді ол.