"Қазақстан аумағында, Астана, Алматы, Орал, Қарағанды, Көкшетау, Павлодар, Петропавловск, Өскемен, Талдықорған, Тараз, Шымкент, Ақтау, Ақтөбе, қалаларында 13 сайлау учаскесі ашылатын болады. Сонымен қатар, жеті сайлау учаскесі Байқоңырда ашылмақ",- деп хабарлады баспасөз мәслихатында Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің баспасөз хатшысы Андрей Юдин.
Оның айтуынша, Ресей Федерациясының президентін сайлауға қатысты Қазақстанда ашылатын учаскелер саны "Орта Азияның басқа мемлекеттеріндегі сайлау учаскелерін қосқанда көп". Ресейлік дипломат қазақстандық билік өкілдеріне Ресей Федерациясының президентін сайлауды Қазақстан аумағында ұйымдастыруға көмектескендіктері үшін алғысын білдірді. "Көмек, ең бастысы, сайлау учаскелерін күзету мен рәсімдеуде, сонымен қатар Қазақстан аумағында тұрақты тұратын немесе уақытша жүрген ресейліктерді мемлекет басшысын сайлауға қатысу мүмкіндігі туралы хабардар етуде қажет",- деп түсіндіріп өтті ол.