Сапар барысында екі және көп жақты форматтардағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланатын шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздер өтеді.
Мемлекет басшылығымен жоспарланған кездесулер барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен келешегі талқыланады деп жоспарлануда.
Сонымен қатар, сапар аясында С.Лавровтың 30-31 қазанда Астана қаласында өтетін Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 15-жыл толуына арналған ""Қазіргі кезеңдегі Қазақстан мен Ресей қатынастары: ынтымақтастығының қорытындылары және келешегі" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының жұмысына қатысады деп жоспарлануда.
Сапар қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігі арасындағы ынтымақтастық жөніндегі іс-шаралар жоспарын қабылдау қарастырылып отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті