Ресей Федералдық ғарыш агенттігінің ірі құрылымы басшысынан айырылды


«Коммерсантъ» басылымының жазуынша, Фадеев қызметтен кететіндігі жөнінде шешімді 4 желтоқсан күні кешке қабылдап, 5 күні таңертең Ресейғарыш басшысына қол қоюға жіберілді. Басылымның ақпаратына қарағанда, Фадеевтың кетуі оның Ресейғарышының жаңа басшылығымен түсінісе алмауымен байланысты. Ал ведомствода «бұл оның өз шешімі, сондықтан оны сыйлауымыз керек» деп мәлімдеді. Фадеевтің өзі болса, қызметінен кететіндігі жөнінде арыз жазғанын растады, алайда кетуге не себеп болғанын айтудан бас тартты.