Caravan Logo

Ресей футболдан ТМД чемпионатын өткізуге қарсы

Ресей футболдан ТМД чемпионатын өткізуге қарсы

«Біздің елдеріміз арасындағы ықпалдастық тұрғысынан қарасақ бұл жақсы бастама. Ал, спорт тұрғысынан қарайтын болсақ, оның артықшылығы жоқ. Тұжырымдамасын берсін, содан соң талқылаймыз. Мен өз елімді, өз спортымызды дамытуды қолдайтын адаммын», - деді В.Мутко.

«Бізде жүзге жуық кәсіпқой клуб бар. Біз Ресей чемионатына деген қызығушылықты арттырумыз керек.
Ал, басқасы бұл мүддемізге залалын тигізеді», - деп атап өтті министр.
Футболдан ТМД чемпионатын өткізу мәселесін «Газпром» басшысы Алексей Миллер көтерген болатын.
13-желтоқсанда турнир өткізу мүмкіндіктерін зерттейтін бастамашыл топ құрылатынын жарияланған болатын. Ал, 21-інде А.Миллер чемпионатты «жуық арада», 2012 жылдың соңында өткізуге болатынын мәлімдеді.