Ресей Габала радиолокациялық станциясынан бас тарту жөнінде мәлімдеме жасаған емес - Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі

"Егер Ресей Габала станциясынан бас тартқысы келсе, Сыртқы істер министрлігі арқылы Әзербайжанды құлағдар етуі керек. Тек содан кейін ғана біз бұл шешімге жауап бере аламыз", - деді Х. Ибрагим.

"Әзірге ресми мәлімдеме жасалған жоқ. Бұл пікір бұны айтқан адамың жеке өзіндік пікірі болып қала береді", - деп атап көрсетті ол, өткен аптада Ресей өзге елдердің аумағында орналасқан радарлардан біртіндеп бас тартады деген Ресей ғарыштық әскерінің қолбасшысы генерал-полковник Владимир Поповкиннің мәлімдемесіне орай түсініктеме бере отырып.