"ҰБТ тапсырмалары жабық болу керек, ал егер мені бұл жүйенің осал тұсы қай жерде деп сұраса, онда мен, ол- тестілеу базаларының ашықтығында және оған қол сұғушылық жәйттердің болуында деп жауап берер едім", - деді В. Аванесов.
"Бұл базаны барлығы пайдаланады, ал кәсіби түрде оқутышылықпен айналысатындар оны бүге-шүгесіне дейін сараптап, оқушыны 80 % ҰБТ дайындай алатын жағдайы бар, бір қызығы, бұл шын мәнінде солай ", - деді ресейлік профессор.
В. Аванесовтың айтуынша, "ҰБТ тапсырмалары жыл сайын бір-біріне ұқсас, бірыңғай болғандықтан, осындай жағдай туындайды". "Сондықтан бұны болдырмаудың ең ұтымды жолы- тапсырмалар негізі жыл сайын жаңартылып отыруында. Келген түлектер де алған бағаларының әділ екендігіне көздері жететін болады. Ал келесі жылы жаңа тапсырмаларды құрастырып, тестілер өткен жылдың қорытындалары бойынша өтетініне ешкім кепілдік бере алмайды.
"Тестілеуге қатасқандар тең дәрежеде болуы керек, өйткені, тестілеудің бірден бір шарты - әділдік. Ал кейбіреулердің тапсырмалар базасына қол сұғу мүмкіндіктері болғандықтан, әділдік қағидасы бұзылып, ҰБТ идеясының өзі жоққа шығарылады", - деп ойын қорытты ресейлік ғалым.