Ресей ғарыш агенттігі "Протон" зымыранын ұшыру жоспарланған деген ақпаратты жоққа шығарды

Ресей федералды ғарыш агенттігі басқармасының бастығы Анатолий Белоконь15-қыркүйекте Байқоңырдан "Протон" зымыранын ұшыру жоспарланған екен, деген ақпаратты жоққа шығарды.


           "Интерфакс-Қазақстан" тілшісінің хабарлауынша, "Протон-М" құлауының салдарын реттеу мәселелері жөніндегі үкіметтік комиссияның отырысында осыған қатысты БАҚ-да жария етілген ақпарат бойынша түсінік беруді одан Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров өтінген болатын.
           А.Белоконь "Протонды" ұшыру күнінің белгіленгендігі туралы ақпаратты жоқа шығарды.
           "Апат салдарын реттеу мәселесі шешілмейінше, жаңа ұшырулар туралы айту тіптен де мүмкін емес", деді ол министрге.
           Алдында хабарланғандай, "Глонасс М үш аппараты бар "Протон-М" 2-шілде күні Байқоңырдың 81 –ші алаңшасынан ұшырылған болатын. Ұшқан бойда ол ұшу траекториясынан күрт ауытқып, әуеде ыдырап, құлап, жарылды. Оның бортында 600 тоннадай гептил, амил және керосин болған.