Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, РФ сыртқы істер министрлігі және РФ экономикалық даму және сауда министрліктеріне кедендік одаққа кіретін Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанмен кеңес өткізу тапсырылды.
Баспасөз қызметі айтқанындай, мұндай қаулы Кедендік одақтық айқара ашық шекаралары арқылы төмен бағамен бидайды тасымалдауды алдын алу үшін шығарылды."Бұл шара Ресей енгізген экспорттық баж салығын төлемей, Кедендік одақ мемлекеттері арқылы ресей бидайын қайта сатуға жол бермеу мақсатында қолданылып отыр. Қаулы ресми түрде баспасөздерде жарияланғаннан бір айдан кейін күшіне енеді", - деп хабарлады баспасөз қызметі.