Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Гинцбургтің айтуынша, тіркеу құжаттарын толтыру үшін шамамен бір жарым ай немесе 50 күн қажет.
"Менің ойымша, жаңа вакцина препаратын алу бойынша тәжірибелік жұмыс 10 күннен аспайды, қалғаны нормативтік құқықтық актілер, яғни лицензиялау процедуралары және вакцина қауіпсіз және иммуногенді екендігін дәлелдеуге байланысты", - деді академик.
Айта кетейік, коронавирустың жақында пайда болған нұсқасы "омикрон" ең жұқпалы саналады. Кейбіреулер штамм қазіргі COVID-19-ға қарсы вакцина түзетін қорғанысты айналып өтуі мүмкін деп қорқады.