Екі күндік сапары барысында Мемлекеттік думаның спикері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен, мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджановпен кездеседі деп күтілуде.
Сондай-ақ, ол Гумилев атындағы Еуразиялық университетте, Астананың жаңа әкімшілік орталығында болады.
Б.Грызлов сонымен бірге Қазақстандағы Ресей жылының аяқталуына арналған салтанатты шараға қатысады.
Сапар 9-желтоқсанда аяқталады.