Ресей мен АҚШ ірі ғарыштық жобалар бойынша ынтымақтастық жайын талқылады

Кездесуге қатысушылар "Союз" ғарыш кемелеріндегі ұшулардың қауіпсіздігі, Халықаралық ғарыш станциясын пайдалану, Ресей мен АҚШ-тың ғарыш іс-қызметі саласындағы ынтымақтастығының келешегі жайлы талқылады.

АҚШ конгрессмені Д. Рорабахердің айтуынша, Ресейдің пилотты "Союз" ғарыш кемелеріне сенімділігі мен ұшу қауіпсіздігі тұрғысынан жеке басы шүбә келтірмейді және алаңдамайды. Ол екі алып мемлекеттің ірі ғарыштық жобалар бойынша ынтымақтастығы тиімді дегенге сенеді, ал келешекте Марсқа пилотты ұшырылымдар жасау келешек ұрпаққа Айға жасайтын ұшулардан гөрі артық пайда әкелуі мүмкін.

Кездесуге С.Королев атындағы "Энергия" зымыран-ғарыштық кешенінің басшылығы мен жетекші мамандары, сондай-ақ, НАСА-ның Мәскеудегі өкілдері қатысты.