Ресей мен Өзбекстан алдағы бес жылға арналған экономикалық ынтымақтастық бағдарламасын қабылдады

Екі ел президенттері бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Сонымен қатар, Ресей мен Өзбекстан үкіметтері арасындағы экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы мен аталмыш бағдарламаның 2008-2012 жылдарға арналған шаралар жоспарына қол қойылды.

Екі елдің Сыртқы істер министрліктері 2008 жылға арналған ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды.

Сондай-ақ, екі елдің үкіметтері арасында авиақұрылыс саласындағы ынтымақтастық және мемлекеттік "В.П. Чкалов атындағы Ташкент авиациялық өндірістік бірлестігі" АҚ мен Ресейдің "Біріккен авиақұрылыс корпорациясы" арасындағы интеграция жөніндегі келісімдерге қол қойылды.