Ресей мен Қазақстан 2011 жылға дейінгі шекаралық ынтымақтастық жөніндегі шаралардың жоспарын қабылдады

"Бүгін біз 2011 жылға дейінгі шекаралық ынтымақтастық жөніндегі шаралардың жоспарын бекіттік", - деді В. Христенко.

"Ресей жағынан 12 өңір дүниежүзіндегі ең ұзын шекараны бойлай орналасқанын еске сала кеткім келеді, бұл шамамен 7,5 мың шақырымға тең және осы субьектілердің үлесіне өзара сауда-саттық пен экономикалық ынтымақтастықтың ең жоғары үлесі тиеді", - деді ол.

РФ жағынан шекаралық өңірлерге Алтай және Дағыстан Республикалары, Алтай аймағы, Омск, Астрахань, Волгоград, Курган, Новосибирск, Оренбург, Саратов, Самара , Тюмень және Челябинск облыстары, Қазақстан жағынан Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан , Батыс Қазақстан , Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары кіреді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті