Ресей мен Қазақстан арасында әскери техниканың өзара жеткізілімі жоғарғы деңгейге жетті

«Кездесу барысында Қазақстанда жұмыс істеп жатқан бірлескен кәсіпорындарды дамыту бойынша нақты жоспарлар, сондай-ақ жаңа бірлескен жобалар құру келешегі келісілді», делінген ҚР Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Тараптар Қазақстан мен Ресейдің әуе қорғанысының бірыңғай аймақтық жүйесін құру туралы келісімді практикалық жүзеге асыру мәселесін талқылады.

Ә.Жақсыбеков пен Д.Рогозин әскери тұрғыдағы өнімдерді өзара жеткізудің айтарлықтай өсімін атап көрсетті. «Биылғы жылы әскери техника жеткізу көлемі соңғы бес жылда барынша жоғары деңгейге жетті», делінген хабарламада.

Жалпы алғанда келіссөздер екі елдің қорғаныс өнеркәсібін және олардың тең құқықтық негіздегі белсенді өзара іс-қимылын оңтайлы дамуын растады.