Ресей мен Қазақстан Ауғанстанмен арадағы шекараны күшейту үшін Тәжікстанға беретін қару-жарақ тізімін талқылауда

«Ресей мен Қазақстан басшылығы қазіргі кезде Тәжікстанға өткізіп берілетін қару-жарақтар тізімін қарастыруда. Ол жаққа көп жүкті тасуға байланысты проблема туындауда», Н.Бордюжа Мәскеуде өткен баспасөз мәслихатында атап көрсетті.

Ол Белорусь, Армения, Қырғызстан басшылығы Ауғанстанмен шекараны күшейту үшін Тәжікстанға ауқымды көмек бөлу туралы шешім қабылдағанын атап көрсетті.