Шараға кеден қызметінің, мүдделі министрліктер мен мекемелердің, қоғамдық ұйымдар мен іскерлік сала өкілдері, сарапшылар мен аталмыш проблемаға қатысты Ресейлік және Қазақстандық мамандар қатысады, деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Сонымен бірге бас қосуда кедендік тәртіптерді одан әрі жетілдіру тақырыбы да талқыланады.
ЕурАзЭҚ 2000-жылдың қазан айында құрылған. Қоғамдастыққа Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан енеді. Армения, Молдова және Украина Қоғамдастық жанындағы бақылаушы мәртебесіне ие.