Атап айтқанда, экономикалық, экологиялық аспектілер және биоәдістің биологиялық тиімділігі қаралды, деп хабарлайды ҚР АШМ-ның баспасөз қызметі.
Бұған қоса, екі ведомствоның Ақтөбе қаласында өткен кездесуінде РФ АШМ-ның 2015 жылы Қазақстанда зиянкестерге қарсы күрес бойынша жүргізген жұмыс нәтижелері көрсетілді. 18 349,4 мың га аумақта шегірткенің топталып жүретін түрлеріне зерттеу жүргізілді. 3 284,8 мың га-ға зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу өткізілді. Қауіпті зиянкестерге қарсы күреске 310 техника тартылып, 3500-ден аса білікті маман қатысты.
2015 жылы республикалық бюджеттен бөлінген қаражат көшпелі шегірткелерге қарсы қорғау іс-шараларын толық көлемде жүргізуге мүмкіндік берді.
Шегіртке зиянкестеріне қарсы өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде ауыл шаруашылығы егіндеріне залал келуі, сондай-ақ шегірткелердің көршілес мемлекеттердің аумақтарына ауысуы анықталмаған.
Кездесудің соңында РФ және ҚР Ауыл шаруашылығы министрліктері арасында шегірткеге және басқа да ауыл шаруашылығы зиянкестерге қарсы күрес жүргізу бойынша хаттамаға қол қойылды.