Ресей мен Қазақстанның экономикалық интеграциясы - өңірді одан әрі дамытудың стратегиялық идеясы - Н. Петраков

"Бұл идеяны жүзеге асыру үшін бірнеше түйткілді шешу керек. Ең бастысы - импортты алмастыру принципін қалпына келтіру", - деді Н. Петраков.

"Қазір біздің көптеген елдер шикізатты өңделмеген күйінде экспортқа шығарады, ал шикізаттың өзін алғашқы сатылы өңдеудің өзі ауқымды экономикалық тиімділік әкеледі", - деді ол.

Н. Петраков екінші түйткілге "инфрақұрылымды, бірінші кезекте көлік инфрақұрылымын дамытуды" жатқызады. "Қазір Қазақстан мен Ресей аумағында, сондай-ақ, көршілес елдерде үлкен жылдамдықты темір және автомагистральдар желісі салынбаған, ал олар әлемнің көптеген дамыған елдерінде қарапайым жайтқа айналған", - деді Н.Петраков.

Оның пікірінше, үшінші "түйткіл - ақша-қаржы және несиелік құрылымдарды жақындату". "Ұзақ мерзімді даму банктеріне, төмен өсімді мақсатты несиелерге бағдар ұстау керек",- деп санайды Н. Петраков.

"Интегарциялық инвестициялар үшін тұрақтандыру қорын бірлесе пайдалану керек", - деді ол.