Ресей мен Қазақстанның құқық қорғау мекемелерінің 2004-жылғы ынтымақтастық жоспары бекітілді

Ұйымдасқан қылмыс, заңсыз көші-қон және заңсыз есірткі айналымымен күрес саласындағы екі ел құқық қорғау органдары арасындағы ынтымақтастық мәселесі екі жақ өкілдерінің қатысуымен бүгін өтетін дөңгелек үстелде егжей-тегжейлі талқыланады, деді В.Рушайло.

Ол сондай-ақ, Ресей мен Қазақстанның құқық қорғау құрылымдары мен арнаулы қызметтерінің лаңкестікпен күрес бағытындағы іс-шараларын өзара үйлестіру қажеттігін мәлімдеді. "Бұған Мәскеуде болған соңғы оқиға нақты дәлел бола алады",- деді РФ Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы. Оның пікірінше, ол үшін бірінші кезекте, құқық қорғау құрылымдары мен арнаулы қызметтерді озық техникамен жабдықтау қажет. "Бұл мәселеге біз қосымша назар аударып отырмыз",- деді ол.
В.Рушайлоның журналистерге хабарлауынша, "аталған мәселелердің барлығы да Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен болған сұхбат барысында талқыланды". Сондай-ақ, президентпен жүздесуде Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарты ұйымы мен екі жақты қарым-қатынастар аясындағы өзара әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері сарапқа салынды. В.Рушайлоның айтуынша, Қазақстан президенті "екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселесіне айрықша маңыз" берумен бірге "оны оң бағытта дамып келе жатқан байланыс" деп бағалады.