Ресей мен Қазақстанның шекаралас облыстарындағы жоғары оқу орындары мен колледждер білім беру ошақтарының бірлескен Қауымдастығын құруда

Бұл туралы KZ-today тілшісіне Петропавл Халықаралық бизнес және құқық жөніндегі аймақтық колледжінің директоры Сергей Андрюшечкин хабарлады.

Қауымдастыққа қатысушылар білім беру процессін одан әрі жетілдіру және озық педагогикалық тәжірибелерді өзара бөлісе игеру мақсаттарын көздейді.
Петропавл Халықаралық бизнес және құқық жөніндегі аймақтық колледжі үздіксіз білім беру жөніндегі Сібірлік Қауымдастықпен бірнеше жылдан бері ынтымақтасып келеді. Бұл қауымдастық Бизнес және ақпараттық технологиялар жөніндегі Сібір институты, Құқық және экономика институты мен Сібір аймақтық бизнес мектептерінің күшімен құрылған. С. Андрюшечкиннің айтуынша, Петропавлдықтарды экономика, басқару, ақпараттық жүйелер және құқықтану саласындағы үздіксіз білім беру жүйесін құру идеясы қызықтырған көрінеді. Сондай-ақ, олар Ресейлік әріптестерінің сырттай білім беру жүйесін ұйымдастыру тәжірибесіне қызығушылық танытып отыр.
Сондай-ақ, Петропавл Халықаралық бизнес және құқық жөніндегі аймақтық колледжі Омбы Мемлекеттік Университетімен және Омбы заң институтымен қарым-қатынас орнатқан. Колледж түлектері туыстас мамандықтар бойынша Ресей жоғары оқу орындарында қысқартылған мерзіммен (үш жылға дейін) жоғары білім игеру мүмкіндігіне ие.
С. Андрюшечкиннің айтуынша, Қауымдастықты құру - Қазақстан мен Ресейдің білім ошақтары арасындағы ғылыми-әдістемелік ынтымақтастық аясын тереңдете кеңейтіп қана қоймай, аймақ қажеттігіне сәйкес, жоғары кәсіби білімі бар мамандар дайындауға қосымша мүмкіндік береді.