Ресей мен Қытай басшылары екіжақты қатынасты нығайтуға уәде берді

Бейжіңде өткен Азия-Тынық мұхиты аймағы экономикалық ықпалдастығы саммиті аясында жүргізілген келіссөздер барысында екі ел басшылары Қытай мен Ресейдің ортақ мүддесін талқылады.

«Біз Ресей-Қытай достығының жасыл ағашын бірге күтіп, баптадық, енді күз түсті, оның жемісін жейтін уақыты келді», - деді ҚХР төрағасы.

В.Путин өз сөзінде екіжақты қарым-қатынас екі ел азаматтарының байланысын нығайтатынын атап өтті.


Ол Ресей мен Қытайдың сауда айналымы ағымдағы жылдың 9 айында 7 пайзыға артқанын тілге тиек етті. «Бұл - жақсы көрсеткіш. Біздің еңбегіміз зая кетпеді деген сөз», - деді В.Путин.