Ресей мен Қытай өздерінің рейтингтік агенттігін құрмақ


Аталған агенттік бүгінде пайдаланылып жүрген халықаралық агенттіктердің үлгісінде құрылмақ.

«Біз агенттік бағалаулары саясаттан тыс жүргізілгенін қалаймыз», - деп нақтылап өтті министр.

Оның сөзіне қарағанда, бастапқыда бұл агенттік жобаларды, ресейлік-қытайлық ынтымақтастық саласындағы инвестицияларды бағамдаумен айналыспақ. Сондай-ақ, бұл бағытта бірқатар азиялық елдерді тарту жоспарланып отыр. «Агенттіктің беделі көтерілген сайын, жаңа деңгейге шығып, оның қызметіне өзге елдер де жүгіне алар еді», - деді Силуанов Қытайға сапары барысында.