Ресей мен Түркия шиеленісінің шығыны қандай болмақ?

сонымен қатар экономикалық байланыстың үзілуіне себеп болуы мүмкін.  

Туристік салаға қауіп төніп тұрғаны анық - СІМ мен Ресейтуризм ресейліктерге Түркияға барудан бас тартуды ұсынды, деп жазды РБК.

Сомасы жылына $30 млрд-ты құрайтын өзара сауда мен $2 млрд-тан астам өзара жинақталған инвестициялар тағдыры таразыда тұр. Түркия - көлемі бойынша Ресейдің бесінші орында тұрған сауда серіктесі. РФ-ның сыртқы әлеммен саудасының 4,6% осы елге тиесілі. Сондықтан бұл көрсеткіш бойынша Түркия Қытай, Германия, Нидерланды және Италияға басымдық беріп, бесінші болып тұр. Дегенмен бұл көрсеткішпен Беларусь, Қазақстан және Украинадан (әрбірін жеке алғанда) асып отыр.

Ресей мен Түркия арасындағы тауарайналым 2014 жылы $31 млрд, 2015 жылдың 9 айында $18,1 млрд. құрады. Қызметтер саудасын есептегенде ресейлік-түрік көрсеткіштері жоғары: мысалы, 2014 жылы қызмет пен тауар айналымы шамамен $44 млрд құрады.


Қыркүйекте Ресей сириялық содырларға бомба тастай бастады. Бұл Түркияның наразылығын тудырды.