Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
"Келіссөздер өтеді. Біз қазір украин тарапымен байланыстамыз", - деді Мединский.
Сондай-ақ ол келіссөздер бұған дейін жоспарланған жерде болатынын мәлімдеді.
"Уақыты 15:00-ге белгіленді, кейін олар таңертең ерте келуге тырысатынын айтты, бірақ реті келмей жатқан сияқты. Сол себепті біз тыныш қана оларды 15.00-ке қарай күтеміз, 15.00-де келіссөздер басталады деп ойлаймын", - деді Мединский.
Әзірге келіссөздердің тек бірінші раунды ғана өтті.
Дүйсенбі күні Беларусь аумағында РФ пен Украина делегациялары арасында келіссөздер болды. Бұған дейін Украина президентінің кеңсесі "келіссөздердің басты мәселесі – атысты тоқтату және Украина аумағынан әскерді шығару" екенін мәлімдеген еді. Зеленскийдің өзі кездесу қорытындысы бойынша Украинаға қажет нәтижеге әзірге қол жеткізілмегенін айтты.